11.06.2020, 18:10
Оқылды: 76

Казталовтағы гүл егетін ұжым

Казталов аудандық полиция бөліміне бара қалсаңыз, ауладағы әсем гүлдерге бірден көзіңіз түседі. Құдды бір гүл бағы дерсіз. Ер-азаматтар түгілі, қыз-келіншектер қызмет істейтін кейбір мекемеде мұндай гүлге оранған аула жоқтың қасы.

polisia gul (2)

Әлбетте ауданды көріктендіруді парызымыз деп білетін ұжым жаз айы басталғанда жұмыс орнының айналасын ерекше ықыласпен көріктендіреді. Бұл іс полиция бөлімінің тізгінін ұстаған басшы Ринат Дегенбаевтың идеясымен үш жыл бұрын қолға алынды. Азаматтардың ісі мұнымен тоқтап қалмады. Мекеменің қарсы бетіне гүлдермен көмкерілген саябақ салып, автотұрақ орнатты.

polisia gul (3)
– Барлық гүлдерге үнемі қажетті күтім жасап, оларға ерекше қамқорлықпен қараймыз. Күніне кем дегенде бір-екі рет суарылады. Адамдар ерінбей еңбек етсе ғана, айнала әдемі көрініске еніп, ерекше көңіл күй орнайды, – дейді тәртіп сақшылары.

polisia gul (4)

Әсемдігімен көзге түсетін көрікті аулаға полицейлер мекемесінің жанынан өткен адамдар қызыға қарайды. Көктегі күнге күлімсіреп тұрған әрбір әсем гүл сол аулаға ғажайып көрініс беріп тұрғандай. Міне, аудандағы полиция бөлімінің ұжымы осындай ерекшелігімен өзгелерге үлгі.

Жұлдыз АСҚАР,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале