14.08.2017, 15:48
Оқылды: 19

Қазталовтық боксшы ел чемпионатында қола тақты

11-13 тамыз күндері аралығында Қызылорда қаласында кикбоксингтен ҚР-ның чемпионаты өтті. Жарысқа қазталовтық Мұхаммед Құрманалиев қатысып, үшінші орын алды.


Мұхаммед жартылай финалда жарақат алып қалды. Осы бір оқыс жағдай болмағанда жерлесіміз чемпион атанар ма еді?! Бірақ біз телефон арқылы қоңырау шалғанда Мұхаммед: -Еліміздің әр түкпірінен мықтылар қатысқан жарыс қой. Бұндай жарысқа осалдар келмейді. Енді алдағы уақытта чемпиондық жол үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын. Қазіргі күнде кикбоксингтен Қазақстан құрамасына кіріп отырмын. Алдағы күндері Венгрияның Будапешт қаласында өтетін Еуропа және Азия ойындарына іріктеу жарысына жолдама алу үшін оқу-жаттығу жоспарда тұр,-деді.

Әсем БОЛАТ,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале