9.07.2020, 9:53
Оқылды: 97

Казталовтық кәсіпкер үндеу тастады

Құрметті Казталов ауданы кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтары жетекшілері!

A81A419A-FD48-4F27-A9C8-2B16802E7D6C

Әлемде орын алып жатқан пандемия біздің ауданымызға да келіп жеткені аян. Қазіргі таңда ресми деректер бойынша, 100-ден астам аудан тұрғыны осы дертпен ауырып жатыр. Және бұл цифрлар күннен-күнге өсіп келеді. Дерттің салдарынан өмірмен қоштасқандары да бар. Еліміздегі барлық медициналық орталықтар мен ауруханаларда науқастардың көптігінен емдейтін орын болмай жатқаны шындық. Мұндай жағдай облыс орталығында да орын алып отыр. Ендігі кезекте бәріміз өзіміздің аудандағы ауруханалар мен мүмкіндігінше үйде емделетініміз айқын болып тұр.

Құрметті ауданның қалталы азаматтары!

Бәріміз де Казталов ауданының қасиетті топырағында дүниеге келіп, осы елде өсіп-өндік. Қазіргі таңда туған жерімізде кәсіп жасап, тыныш елде бақуатты өмір сүрудеміз!

Күні бүгінгідей ел басына қара індеттің нәубеті түскен шақта барлық кәсібін дөңгелеткен азаматтарды бір үйдің балаларындай күш біріктіруге шақырамын!

Яғни, аудан халқын емдеу үшін арнайы оттегі концентраторы мен дәрі-дәрмек сатып алуға біраз қаражат қажеттілігі туындап отыр!

"Көп түкірсе, көл" демекші, қазіргідей қиын жағдайда науқастарға ауадай қажет оттегі концентратын сатып алуға жұмылайық! Ел болашағын бүгіннен ойламасақ, ертеңгі күніміз бұлыңғыр болмақ!

Барша жүрегі "елім" деп соққан арда азаматтарды бірігуге шақырамын!

Махамбет Тайгарин,

"Мүслім" шаруа қожалығының жетекшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале