29.08.2017, 16:01
Оқылды: 27

Қазталовтық кәсіпкер үш пәтерлі тұрғын үй салуда

Қазталов ауданында жомарт жандар аз емес. Солардың бірі - талдықұдықтық жеке кәсіпкер Манарбек Ибатұлы.


Манарбек Идрисов Талдықұдық ауылында туып өскен. Өткен жылы өз қаражатына Талдықұдық ауылындағы орта мектептің мектептің алдына шиыршық тас төсесе, акт залы мен спорт залдың есік терезелерін ауыстырыпты. Енді, міне, ол шілде айының басында өз қаражатына үш пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын бастап кеткен.

-Үйдің құрылыс жұмыстарын алдағы айда аяқтамақпыз. Құрылыс материалдары уақытында жеткізіліп отыр. Үйдің шатыры соңғы үлгідегі профлистпен жабылып, ауласында үш сарайы мен қоршауы болмақ,-дейді құрылыстың басы қасында жүрген Нұрболат Сариев.

Тұрарбек АҚМЫРЗА,

 Талдықұдық ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале