20.07.2020, 13:48
Оқылды: 84

Казталовтық кәсіпкерлер аудан дәрігерлеріне 600 жиынтық жеке қорғану құралдарын алып берді

Пандемия кезінде аудан кәсіпкерлерін бірігуге шақырған казталовтық кәсіпкер Махамбет Тайгарин өзі аяқтай ауылдарды аралап, шаруа қожалық жетекшілері мен кәсіпкерлерден қаражат жинаған болатын.

84788E5A-944F-4153-9765-2C127E3D1D50

Сол алғаш жиналған қаражатқа Махамбет Аманғалиұлы аудандағы екі ауруханаға 600 жиынтық жеке қорғану құралдарын алып берді.

- Қаражат жинап жатқан кезде аудан әкіміне кіріп, қос аудандық аурухананың бас дәрігерлерімен кездестім. Сол кезде ауданда дәрі-дәрмек жеткілікті екені анықталды. Қазіргі күнде ең бастысы медицина қызметкерлеріне жеке қорғану құралдары жетіспейтінін алға тартты. Бас дәрігерлердің айтқанын ескеріп, жиналған 2 млн. 100 мың теңгеге 600 жиынтық жеке қорғану құралдарын Алматыдан алдырдық. Бұл - көмектің алғашқы легі. Казталов ауылында кәсіпкерлер қаражат жинау үстінде,- дейді Махамбет Тайгарин.

EFB271FD-40BD-4D28-A89D-E654998D411D

Алынған құралдарды Казталов, Жалпақтал ауылдарындағы ауруханаға жеткізіп, түсіруге аудан жастарынан жасақталған ерікті жастар тобы көмектесті.

0B6980E0-E371-4E96-AED3-9AC5949FDED4

Ел басына күн туған кезде Махамбеттей азаматтардың игі ісі көпке үлгі болса дейміз!

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале