24.04.2018, 12:04
Оқылды: 55

Қазталовтық қос спортшы Азия чемпионы атанды

kaztaolovАлматы қаласында жастар арасында өткен дзюдодан Азия кубогінде қос жерлесіміз олжалы оралды.

Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекет Махмұтовтың құрметіне арналған құрлық кубогы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес өткізілгенәлемдік додаға 1998-1999 жылдары туған татами шеберлері қатысты. Жеңіс туын желбіретіп, аймақ абыройын асқақтатқан 73 келі салмақта Аңсарбек Ғайнуллин мен 81 келіде Бейбіт Мәдиев Азия кубогінде чемпион атанды. Жалпақтал ауылындағы аудандық спорт мектебінде жаттыққан Бейбіттің жаттықтырушысы Нұрлан Қауметов болса, Аңсарбекті күреске баулыған Ғаділбек Сатыбалдиев.

Жалпақталдан шыққан қос чемпион қазіргі күні Азия ойындары мен әлем чемпионатына дайындық үстінде.

Тұрарбек АҚМЫРЗА

Қазталов ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале