2.02.2018, 14:59
Оқылды: 49

Қазталовтық оқушы 532 асығын сыйға тартты

Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханасы дәлізіне арнайы дыбыс қондырғысы қондырылып, жәй ырғақта қазақтың күйлері ойналса, арасында Абайдың «Қара сөздері» де беріліп тұрады. Сонымен қатар кітапханада «Рухани жаңғыру» бөлмесі ашылған.

Жақында А.Оразбаева атындағы орта мектебінің 4-сынып оқушысы Арсен Асланұлы өзінің жинаған 532 асығын сыйға тартты. Мынандай «үлкен сыйлықты» көргесін Арсенді әңгімеге тартқан едік.

-2-сынып оқып жүргенімде, екі асығым және қызылға боялған сақам болды. Бос уақытымда асық ойнаймын. Кейде ұтамыз, кейде ұтыламыз. Содан кейін асықтарды жинай бастадым. Анам да, әкем де әкеліп беретін. Барған жерімде асық көрсем алып келемін. Міне, 532 асығым бар. Енді осы асықтың «қызығын» өзім көрмей, кітапханаға келетін басқа құрдастарым да көрсін, ойындар ойнасын деп сыйлап отырмын. Әрі анам осы кітапханада көп жылдан бері қызмет жасайды, -деді Арсен.

Кішкентай Арсеннің мына сөзіне риза болып қалдық. Кішкентай жүрегімен қоғамда жүріп жатқан сана өзгерісіне қосқан үлесі деп түсінідік.

Гауһар ӘДІЛЖАН,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале