10.10.2018, 14:53
Оқылды: 56

Қазталовтық тәртіп сақшылары қайырымдылық жасады

 Қайырымдылық айлығы барысында біраз игі істер атқарылуда. Осында игі іске үлес қосқан Қазталов аудандық ішкі істер бөлімінің ұжымын айтуға болады.

20181009_171445

Тәртіп сақшылар ақшалай қаражат жинап, аудан орталығында тұратын көпбалалы отбасыға азық-түлік сатып алып берді. Сақшылар сатып алынған азық-түлікті көпбалалы жанұяның мекен жайына жеткізіп, үй иелерінің алғысын алды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен ауданымызда өтіп жатқан «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығына орай жиналған ақшалай қаражатты осы бөлімге әкеліп табыстады. Бұл қаражат Көшім және Орал қаласындағы арнаулы қызмет көрсету орталығында ауданның мүмкіндігі шектеулі балалар мен қарияларға қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға жұмсалмақ.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале