28.04.2017, 17:54
Оқылды: 29

Қазталовтық тұрғын 102-ші көктемін қарсылады

Қазталов аудандық ішкі саясат бөлімінің  басшысы Самал Жангереева  бастаған  ақпараттық-насихат тобының мүшелері  Талдықұдық ауылына сапарында ауданның ең егде тұрғыны Мафтуха Айтқалиева әженің шаңырағына арнайы барып, сәлем берді.


Мафтуха әже бүгінде 102 жаста. Ғасырдан да ұзақ жасаған тұрғынның ері Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева мерейтой иесін келе жатқан көктем мейрамдарымен құттықтай келе, аудан әкімінің  сәлемін жеткізді. Мафтуха әже арнайы сәлем бере келген жастарға батасын берді.

Әсем БОЛАТ,

Қазталов  ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале