28.05.2020, 17:47
Оқылды: 71

 Казталовтық тұрғын балалар ойын алаңына жеміс ағаштарын екті

Нұрлан Құсайынов  ағамыздың есімі ауданға қоғам белсендісі ретінде жақсы таныс. Қай уақытта болмасын төңірегіміздегі болып жатқан түрлі жағдайларға өз ойын жеткізіп, қоғамға жанашырлық танытып жүреді. Ойы мен ұстанымы, біліктілігі мен білімі өзгелерге үлгі боларлықтай. Ал мына игі ісінен кейін оған деген жерлестерінің құрметі бұрынғыдан да арта түсті.

BC772BDA-AD67-476F-A39D-E9FF8BD03012

С.Жақыпов көшесінің балалар ойыны алаңындағы жайқала өскен көшеттер біздің көзімізге ерекше көрінді. Бұл басқаның емес, Нұрлан ағамыздың қолтаңбасы. Әманда игі істің басы-қасында жүретін кейіпкеріміз  балалар алаңына бау-бақша егуді былтырдан қолға алған. Жеке тұрғынның қоғамдық орынға көшет егуі ауданда алғаш рет. Ең бастысы саябаққа жан бітті, оған қоса балалар да болашақта  жеміс ағаштарының өнімін тегін тұтынатын болады.

EB2D3487-06DC-40A3-B807-F203866FB34F

 - Ерінбей еңбек ете білген адамға мүмкіндік көп. Бастаманы отбасымызбен бірге ерікті түрде қолға алып, нектарин, шие, алма, қарақат секілді жеміс ағаштарын балақайлар дәм татсын деген мақсатта ектік. Оңтүстік облыстарында жеміс теректері әрбір үйде бар. Ал біздің ауданда жоқтың қасы. Бұл бастаманы игі дәстүрге айналдырмақпыз, - деді Нұрлан Құсайынов.  

Тал-теректерді суаруға ауыз судың болмауы қиынға соғып тұр. Дейтұрғанмен тал-теректер жайқалып өсіп келеді. Осы мәселені шешуді жоғарыдағылар қолға алса деген ағамыздың ұсынысы бар. Еңбек десе жанып түсетін азаматтың ауласында да бүгінгі күні 20 шақты жеміс ағашы жайқалып өсіп тұр. Кейіпкеріміз осылайша Еріктілер жылында өзгелерге жалықпастан еңбектенудің жолын көрсетіп отыр.

 Жұлдыз Асқар

Казталов ауданы

 zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале