18.04.2018, 10:59
Оқылды: 24

Қазталовтық жастар жүздесті

Қазталов ауданы әкімі Абат Шыныбеков ашық алаңда ауданның жастарымен жүздесті. Жалпақтал ауылындағы жастар демалыс орталығында өткен жиында жастардың өтініш-тілектерін тыңдады.

Қазталов ауданында 14 пен 29 жас аралығында 6393 жас бар. Жастар саясатын жүзеге асырумен айналысатын ауданымызда «Қазталов жастар кеңесі», «Жалынды Жалпақтал қоғамдық бірлестігі», аудандық жастар ресурстық орталығы секілді үш қоғамдық бірлестік жұмыс жасауда. Қала берді ауданымыздың әр округтерінде жастар ресурстық орталықтарының кеңесші мамандары жұмыс атқаруда.

Жастармен басқосуда облыстық «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Нұрғали Жолдасқалиев күні кеше Елордамыз Астана қаласында өткен съезінде алған әсерімен бөлісіп, жастардың ұсыныстарын тыңдады.

Бүгінгі таңда жастардың көпшілігі мемлекеттің  қолдауын көріп, жұмыспен, баспанамен қамтылған, әсіресе  ауданымызда  «Дипломмен -ауылға»  бағдарламасы бойынша үй алып, жас отбасылар саны да жылдан жылға көбеюде екен. Жастармен жұмыс жақсы жолға қойылған, біршама жұмыс атқарылып, жастар белсенділігі артқан.

-Бұның алдындағы кездесу Бостандық ауылында өтсе, бүгін Жалпақтал  ауылында өздеріңізбен қайта жүздесіп отырмыз. Осындай жүйелі кездесу Қазталов жастар кеңесінің, Жалынды Жалпақтал қоғамдық бірлестігі мен аудандық жастар ресурстық орталықының арқасында жүзеге асып отыр деп ойлаймын. Қандай жағдай болсын жүйе және бірлік, татулық болу қажет. Жуырда Елбасымыз жариялаған бес әлеуметтік бастамадан жастарды толғандыратын негізгі сауалдарға жауап алдық. Үндеуде студент жастарды жатақханамен қамту, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, кәсібін ашуға мүмкіндік жасау секілді мәселелер қамтылды. Кез келген мемлекеттің дамуы, болашағы сол елдің жастарына байланысты,-деді аудан әкімі Абат Шыныбеков.

Емен-жарқын жүздесу барысында Болашақ ауылынан келген Ренат Тілепбергенұлы, Жалпақтал колледжінің ІІІ курс студенті Айнажан Байғанина несие алудың жолдарын сұрастырса, Жалпақтал ауылының жастары Әлия Серікқалиева, Арайлым Елтаева, колледждің ұстазы Аслан Алданов ауылдың тазалығы, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, Ғ.Молдашев мектебіне лингофон кабинетін ашу секілді және тағы да басқа ауыл жастары көкейтесті сұрақтарын қойды.

казталов 3-Қай салада еңбек етсең де, айналысатын ісіңді жақсы көруің керек. Сонда ғана жұмысың жемісті жүреді. Аудандық кәсіпкерлік палатасы нақты жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ал енді ауылдың тазалығы ол сіз бен бізге байланысты. Біз жыл сайын тал-теректер отырғызамыз. Ол тал теректердің саны бар да, сапасы жоқ. Оның барлығын әкімшілік суару керек, қоғамдық жұмысқа тартылған жұмысшылар атқару керек. Соны өзіміз жастар болып неге атқармасқа. Биылғы жылы жалынды Жалпақтал жастары тал теректер отырғызуды жайында жоба жасақтаған болатын. Өте дұрыс жоба деп есептеймін. Бес тал-терек отырғызсақ та, сол ағаштарымызды өзіміз, жастар болып күтімге алайық.  Аудандық білім бөлімімен Қайыңды ауылында орналасқан бұрынғы лагерін оқу өндірістік бригадасына айналдырмақпыз. Онда 9-10 сыныптың оқушыларын бау-бақша егу жұмыстарын атқаратын болады. Тек қана егіп, көктетпейді, содан түскен қаражатты өздері жұмсайтын болады,-деген Абат Абайұлы барлық қойылған мәселелердің шешу жолдарын қарастыратындығын, ал жастар тарапынан  түскен ұсыныстарға да үлкен мән  берілетіндігін айтты.

Тұрарбек АҚМЫРЗА,

Жалпақтал ауылы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале