4.10.2018, 12:20
Оқылды: 98

Қазталовтықтар Нәсекен Сүлейменовті еске алды

Қазталовта «Әкем - әнім» әнінің шыққанына 40 жыл толуы мен әннің кейіпкері, Ұлы отан соғысы мен еңбек ардагері, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мектеп мұғалімі Нәсекен Сүлейменовтің 100 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті.

qaztalov (4)

ҚР-ның мәдениет қайраткері, ҚР мәдениет және өнер қоғамдық қорының «Ерекше тұлға» төсбелгісінің иегері, әнші-сазгер, жерлесіміз Әділбек Сүлейменовтің шығармашылыға арналған бұл концерттік бағдарламаның шымылдығы аудандық саз мектебінің оқушыларының М.Сүйіншәлиеваның сөзіне жазылған, Ә.Сүйлейменовтың «Қазақстан жас ұланы» әнімен ашылды.

Қариялар күні және қайырымдылық айына аясында концертте сазгер дің «Ағаларды еске алу», «Қариялар», «Ауылдастар» әндерін аудандық мәдениет үйі өнерпаздары шырқалды. Сонымен қатар Қазақстан полициясының гимніне айналған «Полиция мектебі» әнін Ә.Сүлейменов жеке дауыста айтып, аудандық ішкі істер бөлімінің ұжымынан құралған хор қосылды.

Кеш қонағы, республикалық байқаулардың лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалінің иегері, әнші Айбар Хайырханов композитордың «Хадиша апа», «Қазақстан құрылысшылары» әндерін орындап, көрерменнің қошеметіне бөленді.

Концерт соңында әкелерге арналған әнұран болған, ғұмырлы әндердің бірегейі, Әділбек Сүлейменовтің төлқұжатына айналған Орынбасар Сүттібаевтың сөзіне жазылған «Әкем - әнім» әні орындалғанда, сүйсінген көрермен ыстық ықыластарын ұзақ соғылған шапалақтары арқылы білдірді.

Концерт соңында аудан әкімі Абат Шыныбеков шығармашылық кеш сыйлаған жерлесімізге ел атынан алғысын білдіріп, өнер иесінің иығына шапан жауып, алғыс хат табыстады.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

IMG_8693 - копия qaztalov (2) qaztalov (3)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале