24.03.2017, 14:29
Оқылды: 20

Қазталовтықтар Наурыз мейрамын қарсы алды

Наурыз мейрамы Жалпақтал ауылының Мәдениет үйінің алаңында тойланды.

Жиналғандарды аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, игі тілегін арнады.

Бұдан кейін сөз алған округ әкімі Самиғолла Ақмурзин, облыстық мәслихат депутаты Мағауия Есмағұлов, еңбек ардагері Шынболат Өтешқалиев жерлестеріне ақжарма лебіздерін білдірді.

Одан әрі өнерпаздардың халық әндері шырқалып, үлкен-кішінің мерейін асқақтатып, көңілдерін шаттыққа бөледі. Сонымен қатар бұл күні аудан кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынды. Арқан тарту, бағанаға өрмелеу, қазақша күрес секілді ойындар мерекелік шараның сәнін келтірді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ

Жалпақтал ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале