6.10.2017, 15:37
Оқылды: 34

Қазталовтықтар Орал қаласындағы әлеуметтік орталықта болды

 

Қайырымдылық айлығына орай Қазталов ауданының делегациясы Орал қаласындағы арнаулы əлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды.

Аталмыш ауданнан əлеуметтік орталықта 23-ке жуық адам тұрады. Қариялар ауылдастарымен əңгіме дүкен құрып, жерлес өнерпаздардың концертін тамашалады. Қазталов аудандық жұмыспен қамту және əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қадер Нұрғалиев аудан əкімшілігі атынан барша қарияларды құттықтап, дендеріне саулық тіледі.

Мерекелік концерт соңында əлеуметтік орталықтың директордың əлеуметтік істері жөніндегі орынбасары АйгүлМахамбетқызы, қариялар атынан сөз алған Ғайса Бисенбиев ақсақал өз ризашылықтарын білдірді.

Шара соңында қазталовтықтардың мерекелік дастарханы жайылды.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале