8-707-808-48-55
Қазталовтың шаруалары шабындықтарын киіктен сақтауды ойластыруда

kiikСебебі ақбөкендер көбейіп жатыр. Қуанарлық жағдай. Енді қарасы молайған ақбөкендер Зеңгі бабаның, Шопан атаның «несібесіне» ортақтасуда. Табиғатта артық-ауыс ештеңе жоқ қой.

Оның үстіне қыс ұзақ болғанмен, жауын-шашын аз болуы, ылғалдың төмендігі шабындық жерлерде шөптің шығымдылығына әсер етіп отыр. Нәтижесінде ауданымыздың Қараоба, Қошанкөл, Тереңкөл, Бірік, Бостандық ауылдық округтері аумағындағы шаруа қожалықтарының маңындағы көлдерде, шабындық-жайылымдарда киіктер лақтарын өргізіп, көптеп жайылуда. Шаруа қожалықтары бұған аздап мазасыздық білдіруде...

Бірақ бір жақсысы – сұлу жануарға тиісіп жатырған жоқ. Олар жануарларды әлсін-әлсін шабындық жерлерден шығаруға әрекет жасауда.
Қазіргі күнде ауданымызда сұлу жануарларға да мүмкіндік жасай отырып, халықтың қолындағы малға да табиғи шөпті даярлау алулары үшін тиімді шараларды жүргізу бағыттары қарастырылуда.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,
Қазталов ауданы

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Пікір қалдыру