9.12.2019, 17:38
Оқылды: 29

Келелі мәселелер әңгіме өзегіне айналды

Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжановтың төрағалығымен ауылдық округ әкімдері, тиісті сала басшыларының қатысуымен жиын өтті. Күн тәртібінде бірнеше түйткілді мәселе қаралды.

 orda salyq

Алдымен, аудандық мемлекеттік кіріс басқармасының бас маманы Мұрат Таңатов салық төлемдерінің орындалу барысы туралы хабарлама жасап, төраға  мүлік, жер салығы, көлік салығы бойынша қордаланып қалған салық берешегі бар азаматтармен жұмысты ширату керектігін тапсырды. Одан кейін аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бас мамандары Серік Айтқалиев пен Ерлан Нұркенов мал азығының қысқы қоры, скриниг мәселелері бойынша хабарлама жасады.

Ал енді аудандық тұрғын үй-коммуналдық, жолаушы тасымалы және жол шаруашылығы бөлімінің басшысы Бисенбек Насимоллиннің айтуынша, 69 әлеуметтік нысанның 34-і  бу қазаны, 20-сы электр тогы, 15-і қазандық пеш арқылы жылытылады.  Пешпен жылытылатын мекемелер 143 тонна қатты отынмен қамтамасыз етілген.  Әрі ол жүргізілген рейд қорытындысымен таныстырып, операторлар жұмысын ширату, талап етілетін қауіпсіздік шараларын сақтауды қатаң ескеру керектігін айтты.

"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КАҚ БҚОФ әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі аудандық бөлім басшысы Берік Қойшекенов 2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларына тағайындалатын жәрдемақы жөнінде,  аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Исатай Оз АӘК тағайындаудың жаңа форматы туралы баяндады. Сондай-ақ аудандық статистика басқармасының басшысы Тілеген Қадымов 2020 жылы өткізілетін халық санағы турасында түсінік беріп, республикалық деңгейдегі науқанға дайындық шараларымен таныстырды.

Ұлпан Жакина

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале