12.04.2017, 14:38
Оқылды: 21

Келешекке сенім ұялатар еңбек

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын үлкен ықыласпен қабылдадым. «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы», «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екі бөлімнен тұратын еңбекте Қазақстан мемлекетінің даму тарихы, болашақ бағдары, даму перспективасы тереңнен сөз етіледі.

Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында айқын көрініс тауып келе жатқан «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы» екендігін осы жолы да атап көрсетіп отыр.

Бүгінгідей бәсекеге қабілетті қоғамда озық ой, рухани дамуды мақсат еткен әр қазақстандыққа Елбасы ұсынған тың бастамалар серпін беріп, қанаттандырады.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында елге деген құрмет, туған жерге деген сүйіспеншілік мәселесін де тереңнен қаузайды. Мағыналы ой, келелі кеңес арқылы елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, патриоттық сезімімізді оята түседі.

«Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы - шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», - дейді.

Сөз жоқ, әр адамзат баласы кіндік қаны тамған елге үлкен құрметпен қараса, бар қажыр-қайратын туған өлкесіне арнаса, содан асқан бақыт болмасы белгілі.

 Эльмира ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ

Қаратөбе аудандық орталықтандырылған

кітапхана жүйесінің библиографы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале