3.08.2018, 9:14
Оқылды: 27

Кеңтүбек пен Жаңақонысқа таза су келмек

Borli suҚос ауылдың тұрғындары осы кезге дейін ауыз суды ауласынан құдық қазып немесе Ақсай қаласынан тасып ішкен болатын. Енді әр үйге желі тартылмақ. Бұл оңды іс «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асуда.


Үш жүзге тарта түтіні бар Кеңтүбек ауылына 13 жыл бұрын «Ақбұлақ» бағдарламасымен ауыз су кірген. Алайда ескі желі заман талабына сай емес, әрі өрт гидранттары жоқ. Су құбырын қайта құру кезінде осы кемшіліктер ескерілмек. Өзекті мәселенің шешілуі мемлекеттің қолдауымен іске асты. Құрылысты қолға алған мердігер жөндеу жұмыстарын мінсіз атқаруға уәде етті. Сондай-ақ су желісін жаңғыртуға жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғындар да тартылып отыр. Құрылыста пайдаланып жатқан құбырлар, есептеу құралдары және өзге де қосалқы бөлшектердің барлығы су жаңа әрі отандық өнім.

Borli su (1)Ондаған жылдар бойы ауыз судың азабын тартқан  Жаңақоныс ауылының тұрғындары да мемлекет қолдауына риза. Шағын елді мекенде екі шақырым желі тартылды. Сыйымдылығы елу текше метр құты мен үш өрт гидранттары қойылады.

Қос ауылда жұмыстар сәуір айында басталды. Мердігер жұмысты белгіленген мерізімнен  бір ай бұрын, яғни қыркүйек айында аяқтауға уәде беріп отыр.

Бөрлі аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Зұлқожа Бақтығұлдың айтуынша, жұмысқа республикалық және облыстық бюджеттен 108 млн.теңге қаражат бөлінген.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале