10.01.2017, 10:06
Оқылды: 29

Киік құмға бет алды

janakala-kyik-kymga-bet-aldi  Жуырда сайтымызда Батыс Қазақстан облысында атып алынған 34 киіктің басы табылды деген мәлімет жариялап едік. Соның 14-інің денесі Жаңақала ауданынан табылыпты.


  Жалпы 20 мыңдай киік 26 желтоқсан күні Жаңақала ауданы аумағына Балдырған мен Әліпсай қыстақтарының ортасымен келген. Солардың бір бөлігі аудан орталығы маңындағы Байтоқ елді мекеніне дейін жетсе, көбі құмға (Самар) қарай ауған. «Мал артынан ұры жүреді» десе, браконьерлер де ұрымтал тұсты пайдаланып, даланың қасиетті аңына қастандық жасаған. Желтоқсан айында аяқталған күйек науқанына орай киіктердің әлсіздігі оларға оңай олжаға қарық болуға көмектескені анық. Десе де, киіктер мемлекет тарапынан қатаң бақылауда. Ал, біз бұл қысқа хабарды «Қамыс-Самар» ЖШС-нің директоры Ғ.Мирмановтан естіп, білдік.

  «Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар» деген мәтел бар қазақта. Бұл киелі киіктердің үдере көшкені қыс айларының созылып, қытымыр, қатерлі боларын аңғартқаны ма?..

Ақсұңқар СӘДІР

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале