31.08.2017, 15:01
Оқылды: 59

Киров-Шежін каналы Үлкен өзенге қосылмақ

 Kaztalovka kanal  Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков Ақпәтер ауылдық округінде болып, жаңадан салынып жатқан Киров-Шежін каналының жұмысымен танысып қайтты.

   Киров-Шежін каналының кеңейту, тазарту жұмыстарын көрген аудан басшысы «Азиятехстрой» ЖШС-нің бригадиріне жұмысты тоқтатпай, сапалы атқару керектігін айтты.


   -Киров-Шежін каналының жұмыстары жүзеге асырылуда. Бассейндердің барлығын тзаратып, кеңейту жұмыстарын жүргізіп келеміз. Жұмыстарды мамыр айынан бері атқарудамыз. Жұмысты тоқтатпау үшін күндіз алты эксковатор, түнде алты эксковатор екі кезеңмен жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта Ақпәтер ауылдық округіне қарасты Кішкене шал елді мекеніне жақындадық. Жұмыс қарқыны жаман емес Биыл осындай жұмыс қарқынымен каналымызды Үлкен өзенге қосамыз деген ойымыз бар,-дейді «Азиятехстрой» ЖШС-нің бригадирі Серік Жұмақанов.

Тұрарбек АҚМУРЗИН

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале