23.04.2018, 14:49
Оқылды: 56

Зеленовтағы кітап кафесі оқырмандарды күтеді

китап кафеБүгінгі таңды Зеленов ауданы әкімдігінің қызметкерлері кітап кафесінен бастады. Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күнін жыл сайын қызықты етіп ұйымдастыратын орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлерінің биылғы бастамасы да тамаша.

Кітапханашылар ұйымдастырған кітап кафесіне келген аудан әкімі мен орынбасарлары және түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындар алдымен таңғы астан ауыз тиді. Ол жерде мерзімді басылымдар мен жорналдар туралы мағлұматтар берілсе,  ыстық тағам ретінден  көп оқылатын, салқын тағам ретінде ұмытыла бастаған әдебиеттер жарнамаланды.

Елде жоқ кафе қызметкерлері келушілеріне «Бір ел – бір кітап» акциясына енген Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» және Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары жайында да мағлұматтар беріп, кітап оқуға шақырды.

китап кафееОқырман қауымның қызығушылығын тудырған шара ұйымдастырушылары қазақ тіліне аударылған Лев Толстой, Александр Пушкин, Сергей Есенин, Генри Хаггард  сияқты шетел әдебиетішілерінің үздік шығармалары мен отандық ақын-жазушылардың туындыларынан жасалған асты  ұсынды. Оның басты тағамы ретінде Абай Құнанбайұлының «Хикмет кітабы» қойылған. Кітап асына Қайрат Жұмағалиев, Қадыр Мырза Әлі, Әкім Тарази сынды біртуар жазушыларымыздың туындылары өзіндік дәм беріп тұрды. Астан кейінгі тіскебасар ретінде еліміздің жас ақын-жазушыларының шығармалы ал, кофе-брейкке қалта кітапшалары тартылды.

Кафе келушілері өзіне ұнаған кітабын алып,  есеп-шотты кітапханашыларға деген игі тілектері жазылған парақшалармен төледі.

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале