11.01.2017, 16:59
Оқылды: 12

Кітапхана қайта ашылса...

????????????????????????????????????

 Бүгін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында аудан басшысы С.Әлиев Тасқала ауылдық округіне қарасты Жігер елді мекенінің тұрғыны Л.Кондудаеваны қабылдады.


  Өзін толғандырған мәселесімен келген Ләйла Кондудаева аудан басшысына аталмыш елді мекендегі жабылып қалған кітапхананың қайтадан ашылса деген ұсынысын айтты.

  Елді мекен тұрғынын мұқият тыңдаған аудан әкімі С.Әлиев кітапхананың жабылуының бірден-бір себебі оқырманның аз болғандығынан екендігін атап өтті. Кітапхана стандарты бойынша ауылдық округтерде және елді мекендерде орналасқан кітапханаларда оқырман саны 50-дей болуы қажет екенін оған жетпесе кітапхананы ұстап тұру мүмкін емес екендігін түсіндіріп берді.

Е.ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале