8.11.2019, 18:12
Оқылды: 75

Қоғамдық бақылаушылар: «Үш қабатты үйдің пандустары стандартқа сай емес»

Бүгін Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, қоғамдық кеңестің төрағасы Асхат Дүйсенғалиев және аудандық мәслихат депутаттары қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында Жымпитыдағы құрылыс нысандарын аралады.

dav

Қоғамдық топ әуелі Қарасу мөлтекауданында салынып жатқан үш қабатты тұрғын үйдің басында болып, құрылыс жұмыстарымен танысты.

dav

Учаске басшысы Мерген Чигеровтың айтуынша, жасалған жұмыстың көлемі 50 пайыздан асыпты. Мәслихат депутаттары жаңа үйдің пандустарын сынға алды. Аудандық педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінің меңгерушісі, мүмкіндігі шектеулі жандармен ұзақ жыл жұмыс жасаған маман, аудандық мәслихат депутаты Аида Ниязғалиеваның пікірінше, пандустар стандартқа сай емес, арбадағы жандарға өте ыңғайсыз етіп салынған.

Қоғамдық бақылаушылар кейін Жымпиты – Кеңащы су құбырын тарту жұмыстарымен де танысты.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале