31.10.2017, 17:25
Оқылды: 22

Қоғамдық келісімнің кеңейтілген кеңесі өтті

Қазталов аудандық  қоғамдық келісімнің кеңейтілген кеңесі өтті. Кеңеске аудан әкімі Абат Шыныбеков, мекеме-кәсіпорын басшылары, қоғамдық ұйымдар жетекшілері, ауылдық округ әкімдері, ардагерлер мен жастар кеңесі мүшелері қатысты.

Кеңесте аудандағы қоғамдық келісім кеңесінің жұмысы, алда тұрған міндеттері туралы кеңес төрағасы Тауфих Мұқанов хабарлама жасады.

-Ауданда қоғамдық келісім кеңесі 2013 жылы құрылған. Осы уақыттан бері кеңес билікпен бірлесіп түрлі жұмыстар атқаруда. Ауылда болып жатырған келеңсіз оқиғалар, түрлі жағдайларға тап болған аналар мен әкелердің  мәселелері, ауыл тазалығы, жастар арасындағы құқық бұзушылықты жою сынды күрделенген мәселелердің оңтайлы шешімін табуға ықпал етуде. Аудандағы 16 ауылдық округте қоғамдық келісім кеңесімен 48 отырыс өтіп, түрлі деңгейдегі мәселелер қарастырылған. Кеңес мүшелері түрлі қайырымдылық акцияларына да ат салысып келеді. Сондай-ақ ауылдық округтерде қоғамдық келісім кеңесінің жалпы кәсіби емес 13 медиатор  жұмыс атқарып келеді.

Келісім кеңесі алдағы уақытта да Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жұмысын жаңдандыра беретін болады, -деді кеңес төрағасы.

Кеңейтілген отырыста ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың 2017-2018 жылдарға арналған жол картасын ұсыну, бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстар туралы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің аудандағы жетекшісі Мирбол Адаялиев, латын әліпбиіне көшу жөнінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалі Мирболат Мырзағалиев сөз сөйлеп, ойларымен бөлісті.

Кеңесте ауылдық округтердегі әр елді мекеннің ауылнайы туралы ережемен де таныстырып өтті.

Кеңес соңында осы және басқа да қаралған мәселелер бойынша шешім қабылданды.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,

Қазталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале