13.07.2018, 12:19
Оқылды: 42

Қоғамдық кеңестің рөлі арту керек

Terekta kogamdyk kenes (1)Ауданға «Қоғамдық мониторинг жүйесін  дамытуда ҮЕҰ-дың қатысуын кеңейтуді жүзеге  асыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу» атты жобаны орындау мақсатында фокус-топ мүшелері келді.


Жиынға облыстық қоғамдық кеңес мүшелері А.Исқалиева мен Н.Пустобаева, «Ақ отау» отбасы орталығының мүшесі Г.Хаирова, «Азаматтық Альянс» БҚО филиалының төрайымы М.Санқаева мен «Азаматтық Альянс» мүшесі Т.Истомина және аудандық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Terekta kogamdyk kenesКүн тәртібіндегі басты мәселе – қоғамдық кеңестің маңыздылығы мен қазіргі таңдағы рөлі болды. Кеңес мүшелері орынсыз жиындар және мағынасыз басқосулардың қоғамға берері шамалы екендігін алға тартты. Сонымен қатар кеңес мүшелігінде атқарушы билік өкілдерінің болмау керектігін де тілге тиек қылды.

Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ғ.Қатабаев атқарылған және әлі шешімін таппаған мәселелерді айтып өтсе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қоқашев билік пен халық арасында «көпір» жоқтығына ерекше тоқталды. Расымен, қоғамдық кеңестің айтары бар, бірақ оны тыңдар «құлақ» жоқ. Қоғамдық кеңестің халық арасында беделі арту үшін қарапайым тұрғындар да мүшелікке қабылдануы тиіс секілді. Әйтпесе, құр жиындар онсыз да көп.

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале