5.01.2017, 16:56
Оқылды: 16

Қоғамдық көмекшілер марапатталды

taskala-kogamdik-komekshiler-marapattaldi   Аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстың тез ашылуына өз септігін тигізіп жүрген қоғамдық көмекшілерді марапаттады.

   Салтанатты жиынға аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Әлішер Сары, сала ардагерлері мен қызметкерлер қатысты. Бөлім басшысы Ә.Сары құттықтау сөз сөйлеп, бөлімнің қылмысты ашу деңгейі бойынша аудандар арасынан үздік үштікте екенін атап өтті.


   Сондай-ақ, бірқатар қоғамдық көмекшілерді алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапаттады. Олардың қатарында кәсіпкерлер Қуан Бақтығалиұлы, Владимир Лиентьевич және Күнсұлу Задагерейқызы бар. Басқосу соңында ішкі істер бөлімінің қызметкері Жасқайрат Таубаевқа лейтенант атағы берілді.

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале