10.12.2019, 9:32
Оқылды: 60

Қоғамдық өкіл ауданның тыныс-тіршілігімен танысты

Облыс әкімінің Жәнібек ауданындағы қоғамдық өкілі Самиғолла Оразов ауданның тыныс-тіршілігімен танысты. Алғашқы сапарын Ұзынкөл ауылдық округінен бастады.

janibek (6)

 Самиғолла Хамзаұлы және аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев жергілікті тұрғындармен және мекеме басшыларымен кездесті. Кездесу барысында ауылдың мәселелері сөз болды. Мысалы, Қазталов – Жәнібек – РФ шекарасы күрежолын жөндеу 2020 жылы басталатындығы айтылды. Аудан әкімі А.Сафималиев Ұзынкөл ауылының кіреберісінен бастап, мәдениет үйіне дейінгі 2 шақырым жолға асфальт төселетінін және ауылдық мекемелерге оптикалық талшықты интернет желісінің жүргізілетінін жеткізді. Ауыл тұрғындары атынан зейнеткер Айша Сақтапбергенова сөз сөйлеп, аудан және ауылдық округте атқарылып жатырған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

janibek (2)

Әрі қарай аудан әкімі Азамат Сафималиев пен Самиғолла Хамзаұлы «Хасен» шаруа қожалығының жетекшісі Биболат Шагировпен жүздесіп, шаруашылығын аралап, жай-жапсарына қанықты.

janibek (3)

Бұдан соң аудан орталығындағы құрылысы басталған дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне ат басын бұрды. Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиев кешен құрылысының жай-күйімен таныстырды. Сонымен қатар көп жылдан бері аудан тұрғындарын толғандырып жүрген иесіз ғимараттың бірінде болды. Иесіз ғимаратты өз меншігіне алған жеке кәсіпкер Қайрат Татранов алдағы уақытта оны ойын-сауық орталығына айналдырмақ ойы бар екен. Бұл туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Арман Исқақов мәлімдеді.

janibek (1)

Айта кету керек, Самиғолла Оразов бұрын Жәнібек ауданында автокөлік пайдалану кәсіпорнының директоры, аудан әкімі болып лауазымдық қызмет атқарды. Оған біздің ауданның ахуалы бұрыннан жақсы таныс.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале