22.01.2018, 15:50
Оқылды: 72

Қоғамдық тыңдауда көпір жобасы талқыланды

Ақжайық ауданының орталығы Чапаев аумағында Жайық өзені арқылы өтетін автомобиль көпір өткелін салу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттаманың жұмыс жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

Шараны аудан әкімінің орынбасары Тимур Шниязов жүргізді. БҚО жолаушылар көлігі және автожол басқармасы басшысының орынбасары Медет Махамбетұлы, «СПС» ЖШС-нің бас инженері Вячеслав Камашев, «Биоорта» ЖШС экологы Сұлушаш Құдабаева қатысты.

Тыңдауда құрылыстың орналасу схемасы, оның республикалық маңызы жайында жан-жақты айтылды.

Алдын ала жасалған техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша, өткел ұзындығы - 12,16 шақырым, негізгі көпірдің ұзындығы - 1,51 шақырым. Шара барысында қатысушылар пікірлерін жеткізді.

Болатбек ЫБЫРАЙ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале