29.12.2016, 13:17
Оқылды: 54

Көкшетаудан қомақты оралды

zelenov-kokshetau-karate  Көкшетау қаласында каратэден өткен республикалық турнирден облыстық құрама сапында өнер көрсеткен зеленовтық спортшылар олжалы оралды.


  Еліміздің сегіз облысынан келген спортшылардың басын қосқан байрақты бәсекеде жас және салмақ ерекшеліктеріне байланысты кумитэ мен катадан додаға түскен жерлестер 16  бірінші орын, 10 екінші орын, 12 үшінші орын алып, командалық есепте екінші орынға ие болды.

  Жүлдегерлерді спортқа баулып, бабын келтіріп жүрген Ф.Жалмұрзин, Н.Сеннов, Ф.Нысанбаев секілді жаттықтырушылардың еңбегі орасан екендігін айта кеткен жөн.

Д.БЕРІШ

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале