6.03.2018, 10:35
Оқылды: 55

Көктемге дайындық басталды

Жәнібек ауылының орталық алаңында «Көктем-2018» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

Аудан әкімі, азаматтық қорғаныс бастығы Азамат Сафималиев оқу-жаттығуға арналған дайындықты тексеріп, қызметтердің техникамен, шұғыл әрекет етуге қажетті құрал-жабдықтармен қаншалықты қамтылғанына баса назар аударды.

Кейін Азамат Сафималиұлының төрағалық етуімен аудан әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөніндегі аудандық комиссияның бірінші тоқсандағы отырысы өтті. Күн тәртібінде үш мәселе қаралып, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Арман Исқақов «Аудан бойынша елді мекендердегі қыстақтардың жағдайы және мал қыстату науқанының өту барысы туралы», аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Серік Алтаев «Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық туралы» және аудан әкімі аппаратының бас маманы Мерлан Еркеғұлов «2017 жылғы төртінші тоқсандағы хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы» хабарлама жасады.

А.ЕСІРКЕПОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале