22.11.2018, 16:11
Оқылды: 61

Көктеректік шаруа мал бордақылауда

Қазталов ауданы Көктерек ауылында шағын мал бордақылау алаңы ашылды.

qatalov auyl (3)

Былтырғы жылы «Алға» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлыбек Қабдыхалықов Көктерек ауылының жанынан жер алып, өз қаражатына шағын мал бордақылау алаңын салуды бастады. 100 бас ірі қара малы еркін сиятын арнайы ангар салдырған шаруа, бордақылау жұмыстарын бастап та кеткен. Өткен жаздан бастап 30 бас ірі қараны күтіп, баптап етке тапсырған.

-Мал санын көбейтіп, бордақылау, ет өнімін сату өте тиімді. Жұмысымды бастамас бұрын еліміздегі мал бордақылау алаңдарын аралап көрдім. Осы саладағы үздіктердің тәжірибесін пайдаланып, істі бастадым. Енді 450 бас қойды жемдеп жатырмын. Нәтижесі жаман болмайтын секілді. Сонымен қатар Теректі ауданында 60 бас жылқы мен 40 бас ірі қараны бордақылауға қойдым. Бордақылау жұмыстарына қажетті жем-шөпті турап беретін арнайы техниканы сатып алу да жоспарымда бар. Кәсіпті енді ғана бастап жатырмын ғой, алдағы уақытта бәрі ойдағыдай болса бордақылайтын мал санын көбейтемін. Малды күтіп-баптау оңай емес, ауылдан 3 адамды жұмысқа алдым. Бірақ 50 мың теңге еңбекақыға жұмыс жасайтын адам таба алмай қиналатынымыз тағы бар,- деді Нұрлыбек.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

qatalov auyl (2)

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале