28.02.2017, 13:02
Оқылды: 21

Қоқыс төгетін жерді тапқан екен

Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі Қаршы орманшылығының қызметкерлері тұрмыстық қалдықтарды тоғайға төккен Мерген ауылының тұрғынын ұстады.

Атшанасын түрлі тұрмыстық қалдықпен толтырып алып келіп, тасаға аударып тастай салған азамат «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің 372-бабының 2-тармағына сай, 5672,5 теңге айыппұл және келтірілген залал үшін 1542,92 теңге төледі.

Айта кетейік, өткен жылы Қаршы орманшылығында заңсыз мал жайғаны үшін, жасыл желек аймағына тұрмыстық төгінділер тастағаны үшін 3 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале