2.02.2018, 18:17
Оқылды: 24

Қол күресінен Павлодарға жолдама алды

Орал қаласында қол күресінен ересектер арасында өткен БҚО чемпионатында Қаратөбе ауданының намысын қорғай барған құрыш білекті жігіттеріміздің қанжығалары майланып келді.

Аталмыш додаға 11 командадан 150-ге жуық спортшы қатысты.

«Қаратөбе» спорт клубының қолдауымен Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрқат Нысанов бастап барған жерлеcтеріміз жеңіс тұғырынан көрінді.

БҚО чемпионаты қорытындысында 90 келі салмақ дәрежесінде І орынды Бауыржан Қайырғалиев иеленіп, ҚР спорт шеберлігіне үміткер атанды.

Бауыржан ақпан айында Павлодар қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алып, облыс намысын қорғамақшы.

Ал 60 келі салмақта ІІІ орынды Наурызғали Ғалымжанов місе тұтса, абсолюттық салмақ дәрежесінде ІІІ орын Фархат Қалиевқа бұйырды.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале