17.02.2020, 10:14
Оқылды: 149

Қолайсыз ауа-райы қолайсыз жағдайға ұшыратпасын

Радио, теледидарды былай қойғанда, барлық азаматтың ұялы телефонына ауа-райының қолайсыздығы және тас жолдың жабылғаны жөнінде хабар уақтылы жіберіліп тұрса да, жолаушылар ескертуді елемей, ауа-райы қолайсыз күндері жолға шығуларын тоқтатпауда. Соның себебінен Сырым ауданында төтенше жағдайларды тудыратын оқиғалардың орын алуы жиіледі.

 syrym tj (2)

Сырым аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің хабарлауынша, жыл басынан бері жолда автокөліктері сынып қалу бойынша - 1, жол тайғақ күндері жолдың жанына түсіп кетудің – 2 оқиғасы және тұман күні көліктердің соқтығысуының 1 оқиғасы тіркелген. Оқиғалардың бәрі ауданның үстінен өтетін «Самара - Шымкент» күре жолының бойында болған, зардап шегушілер бөлімге ұялы телефонмен хабарласқан.

syrym tj (4)

Сырым ауданындағы төтенше жағдайлар бөлімі, өрт сөндіру бекеті, жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округ әкімдері, жол-патрульдік қызметкерлері, №39 жол пайдалану учаскесі қызметкерлерінің дереу жұмыс атқаруларына байланысты адамдар уақытында жылыту пункттеріне жеткізіліп, жолдар тазартылып, автокөліктер жолдың жанынан шығарылды.

syrym tj (5)

Осы жағдайларды баяндай отырып, оқырмандардан күн райы қолайсыз уақыттарда, әсіресе түнгі мезгілде жолға шықпауды сұраймыз. Қолайсыз ауа-райы қолайсыз жағдайға ұшыратуы мүмкін.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

суреттер Сырым аудандық

төтенше жағдайлар бөлімінен алынды

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале