22.01.2019, 18:49
Оқылды: 103

Қолдан құрастырған көлігімен ауылдастарына жәрдем беруде

Кәрі құда Қазталов өңіріне мырзалығын танытып бағуда. Бірақ мол қардан ығыр болып жатқан халық жоқ.

IMG-20190122-WA0042 - копия

Ауданда жолды тазалау, елді мекендермен байланысты үзбеу бір сәтте тоқтап қалмады. Бұған ауданның шаруа адамдары да көмек қолын созып келеді. Соның бір айғағы – «Қайнар» шаруа қожалығының жетекшісі, 70 жастағы Махамбет Бермағамбетов. Ол жол талғамайтын көлік құрастыру арқылы қар тазалауға үлес қосуда. Арнайы шынжыр табан техникасын (тягач) «УАЗ» көлігіне орнатты. Қандай қалың қар болса да бұл техника батып қалған жоқ. Қазіргі күнде Махамбет аға шалғайдағы мал қыстағына осы көлікпен қатынап отыр. Сонымен қатар Қазталов ауылдық округінің басқа шаруа қожалықтарының шаруаларына да көмегін беруде. Ауылда бұл техникаға сұраныс көп.

Әсем Болат,

Қазталов ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале