18.04.2020, 0:31
Оқылды: 41

Көлік көп, тексеріс мықты

Шыңғырлау ауданындағы Алмаз ауылдық округіне таяу маңда Самара-Шымкент трассасының 510 шақырымында және Шыңғырлау мен Ақсай тас жолының 309 шақырымында екі блокпост жұмыс істеуде.

CF8BC1AC-29C6-4907-92BA-F91256AB982A

Осы блокпосттар арқылы  транзиттік азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар, өзге де рұқсат етілген тауарлар мен материалдарды таситын көліктерден өзге барлық көлік құралдарына Батыс Қазақстан аумағына тек арнайы рұқсатпен ғана кіруге болады. 15 сәуірдегі мәліметке сәйкес Самара-Шымкент трассасының бойындағы блокбекет арқылы 30 наурыздан бастап 15185 автокөлік, 22155 адам өткен. Оның басым көпшілігі - жүк көліктері. Ал облыстағы жағдайға байланысты  21 наурыз күні Шыңғырлау мен Ақсай тас жолындағы блокбекет арқылы 599 автокөлік, 1067 адам өтіпті. 

«Шекаралық аймақтардағы блокбекеттерде тәулік бойы кезекшілік жүреді. Ондағы мамандар арнайы дизенфекциялық заттармен және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Арнайы құрылғы азаматтардың дене температурасын анықтап, жеке басының мәліметтері көрсетілген анкета толтырылады. Қазірге дейін бекеттерде күдікті азаматтар анықталмады», - деді  Шыңғырлау ауданы полиция бөлімінің бастығы Сергей Астафьев.

Блокбекеттерде өз денсаулықтарын қатерге тіге отырып, күні-түні тынымсыз жұмыс істеп жатқан аудандық ішкі істер бөлімі мен аурухана қызметкерлерінің еңбегі орасан зор. 

Аман Ізмұхан

Шыңғырлау ауданы

  zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале