29.01.2020, 17:48
Оқылды: 103

Көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылды

Казталов ауданында кейбір жүргізушілер «ащы суға» әуестігін әлі тия алмай келеді. Күні кеше Казталов аудандық сотында ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекіснің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Казталов ауылының Р. деген 55 жасар тұрғыны 13 қаңтар күні А.Оразбаева көшесінің бойында араққа сылқия тойған күйі көлікті басқарып, ҚР жол жүрісі қағидасының 2-бөлімі 4-тармағы 2-тармақшасының талабын бұзған.

Яғни, аудандық полиция инспекторларының құрығына түскен әлгі адамның үстінен әкімшілік іс қозғалған. Осылайша ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайрат Жақып

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале