27.03.2017, 13:28
Оқылды: 26

Колледж оқушыларына кәсіпкерлік негіздері түсіндірілді

akjaik kasipker  Сала мамандары Ақжайық аграрлық техникалық колледжі оқушыларымен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» тақырыбында кездесу өткізді.


  Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының басшысы Бақтыгүл Ержанованың айтуынша, өткен жылы аудан бойынша 1352 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

  Шара барысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудан бойынша филиалының маманы Махамбет Әбілов «Береке», «Бастау» бағдарламаларының мән-маңызы мен ерекшеліктеріне тоқталды.

  - Мәселен, «Береке» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, сүт қабылдау бекеттері мен отбасылық бордақылау алаңдары ашылады. Бұл бағытта ауданда алғашқы қадамдар бар. «Бастау» бағдарламасы да - кәсібімді бастаймын деген адамға зор қолдау. Ниет білдірушілер алдымен бір ай оқытылады. Осы уақыт аралығында бағдарламаға қатысушы бизнес-жобаны жүргізу, табыс табу құпияларын меңгере алады. Кейін арнайы сертификат беріледі. Мұндай бағыттар жас түлектерге кәсіпкерліктің бастауы емес пе? - деді ол.

  Аталған тақырыпта аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Әлия Шарапиева да әңгіме қозғап, оқушыларға тренинг ойындар өткізді.

Бекболат ҚАЛЕНОВ.

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале