31.01.2020, 11:28
Оқылды: 89

Колледж студентеріне қожалықта жұмыс дайын

 

«Қоржын» шаруа қожалығының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Құсайын Мұқанов кәсіптік бағдарда білім беретін білім ордасы Қаратөбе ауданындағы колледж «Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторист-машинист» және «Сандық ақпараттарды қайта өңдеу маманы» топтарының студенттерімен кездесті.

 IMG_8926

«Ел болашағы – кәсіптік білімде» тақырыбындағы кездесу шарасына колледж директоры Мәулен Аманшаұлы, аудандық кәсіпкерлік және ауыл-шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрбол Бозов, колледж мұғалімдері қатысты.

 Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрбол Беркінұлы қазіргі заман талабына сай цифрландыру аясында ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

Мал бағымын ұйымдастыруда аудандағы Батырбек Жұмағалиев жетекшілік ететін «Жолбарыс» шаруа қожалығында малды дронмен қадағалау қолға алса, кейбір қожалықтар жылқыға электронды құрылғы орнатқан. Бұл тиімді әдістердің мал бағымын жеңілдететіндігі және өзекті мәселеге болып отырған мал ұрлығының алдын алудағы тиімділігі туралы әңгіме өрбіді.

– Ауыл шаруашылығын дамыту маңызды мәселе. Соның ішінде ауданда мал шаруашылығын дамытуға зор көңіл бөлініп келеді. Малды асылдандыру кеңінен қолға алынуда. Еліміздің басқа өңірлерінен, шетелдерден асыл тұқымды мал әкелінді. Оларға қажетті мал азығы шөптің түрі біздің жерімізде бар. Құдай қаласа алдағы уақытта мал сою цехының жұмысын әлі де ширата түсеміз. Мал бордақылау алаңын саламыз. Шаруашылық аясын кеңейтіп, мал бордақылауға қатысты қажетті мал азығын дайындау мақсатында құнарлы екпе шөптерді өсіріп, ол жерді қорғауға алу жоспарымызда бар. Бізге тракторшы, аспаз және компьютерді жетік меңгерген мамандар қажет. Техникаларымыз жаңа, жұмыс жасаймын деушілерге бұрынғыдай қиындықтар туындамайды. Ауыл шаруашылығына бағытталған болашақ мамандар колледж студенттерінің бізге өндірістік практикаға келуіне жол ашық. Практикада жүріп студенттер шаруашылық жұмысымен танысады. Оқуларыңызды аяқтап бізге жұмысқа келіңіздер, - деді қожалық жетекшісі Құсайын Ізімұлы.

Ерболат Райсов

 Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале