24.02.2020, 10:02
Оқылды: 47

   Колледж студенттері арасында спартакиада басталды

  Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ақпан айында колледж студенттері арасында спорт түрлерінен спартакиада басталған болатын.

 

jarys (2)

jarys (5)

Кезең-кезеңімен өтіп жатқан осы сайыстардан Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің студенттері де қалыс қалмай, спорттағы шеберліктерін сынауда.

jarys (7)
Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің  І санатты дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы  Асылан Алдановтың айтуынша, жақында үстел теннисінен өткен жарыста Аманбек Құмарғалиев пен  Гүлфайра Мұхамбетқалиева командалық есепте ІІ орын алса, қазақ күресінен болған жарыста Райымбек Бақтығалиев жүлделі (82 келі) І орынды, Руслан Сағырбеков (60 келі) жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады.
Спартакиада жалғасын табады.

jarys (4)

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале