27.10.2020, 12:16
Оқылды: 73

Колледж жатақханасы студенттердің тұруына қолайлы

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінің үшінші бастамасы аясында, білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру жолындағы студент жастардың жатақханадағы жағдайына бақылау жасау мақсатында партияның Тасқала аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы ретінде, комиссия мүшелерімен бірге аудан орталығында орналасқан Тасқала колледжі жатақханасының материалдық-техникалық базасымен танысып қайттық.

C5E8A457-C803-4FB5-A6E6-DED2147A17C6

Жатақхана ғимараты 1954 жылы салынған, 2010 жылы күрделі жөндеуден өткен. Қазіргі күні коммуналдық қызметтердің барлық түрі қызмет жасайды. Оқу кабинеттерімен, демалыс және тұрмыстық бөлмелермен қамтылған, студенттердің толыққанды білім алуына барлық жағдай жасалған екен.

Ганмирлан Тұрғаналиев,

партиялық бақылау комиссиясының төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале