9.04.2018, 15:29
Оқылды: 103

Қолөнерші, ақын Дәмелі Құсайынқызы 80 жасқа толды

Ақсайда ақын Дәмелі Құсайынқызының 80 жасқа толуына орай шығармашылық кеші өтті.

Шығармашылық кешке Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, әнші, сазгер Донеділ Қажымов қатысып, ізгі тілегін жолдады.

Батыр ана кешіне өзі дүниеген Сырым ауданынан да делегация келіп құттықтады. Сырым аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтың алғыс хатын табыстап, қазақы салт бойынша ақын анаға камзол кигізіп, ақ орамал сыйлады. Ал Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Айнагүл Ойшыбаева ақын Махмет Қажиахметов ағамыздың «Өнердің оқ қызы» атты өлеңін оқып берді.

Дәмелі Құсайынқызының сөзіне жазылған әндерді Ажар Сейтенова мен әнші-термеші Жаңыл Шүгірова, әнші Самал Діңғалиевалар әсерлі орындады. Ал жас ақындар Өтепберген Қарасаев, Айгүл Шұндыбаева, Айнагүл Темьяровалар арнауларын тарту етті.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале