3.09.2018, 17:52
Оқылды: 44

Қоңырда балалар ойын алаңы мен StreetWorkOut ашылды

Сырым ауданы Қоңыр ауылында жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен салынған балалар ойын алаңы мен көше спортына арналған StreetWorkOut жабдығы пайдалануға  берілді.

DSC_0281

         Нысандардың салтанатты ашылуы шарасына Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қатысты.

         Жосалыдағы бұл жақсылықтарды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған «Туған жер» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жарқын істердің қатарына жатқызуға болады. Салауатты өмір салтын ұстанатын жастар арасында сұранысқа ие StreetWorkOut жабдығын ауылдың тұрғыны, «ГауМар» шаруа қожалығының жетекшісі Саян Үсенов орнатыпты. Ал, ауылдың тумасы, «БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС директоры Берік Сүлейменовтің жеке қаржысына салынған балалардың ойын алаңы бүгінгі күні тек бүлдіршіндердің ғана емес, ауыл үлкендерінің де демалыс орынына айналып үлгеріпті. Түрлі әткеншектер мен шатырлар, алаңды айналдыра қойылған сәнді орындықтар, бәрі бір қарағанда қалалық тұрмыстың көрінісіне ұқсап кетеді. Осы жерде Берік Сүлейменовтің былтыр Бұлдырты ауылында да осындай алаң салып бергенін айтпай кетуге тағы болмайды.

Жосалы ауылдық округінің әкімі Қобыланды Ғабдешовтың айтуынша, жосалылық азаматтар туған жерге еңбегінен енші беруге келгенде әуелден – ақ енжар емес екен. 2007 жылы Рауан Үсеновтың салған Қоңыр мешіті, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер мен еңбек ардагерлеріне арналған ескерткіш тақта, ақын Абдолла Жұмағалиевтың тойы – әкімнің сөзіне дәлел бола алады. Биылдың өзінде А. Жұмағалиев атындағы Жосалы орта мектебінің түлектері  мектептің ауласына шырша егіп, тақта тұрғызып, тіпті жарықшам мен қақпа орнатып, біраз жақсылық жасапты.

Жылдың басынан бері есептегенде, осы күнге дейін Сырым ауданында «Туған жер» бағдарламасы аясында 17 миллион теңгенің жобасы жүзеге асырылыпты.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

DSC_0325 DSC_0341 DSC_0352

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале