23.06.2017, 21:29
Оқылды: 44

Қоныс тойы алыс емес

 Borli konis toyi alis emes Бөрлі ауданына қарасты Березов пен Бестау ауылдарын аудан орталығына көшіру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Тұрғындарға арналған Аралтал шағын ауданындағы 100, ал Қарашығанақ-1 шағын ауданында салынап жатқан 9 қабатты екі үйдің құрылысы аяқталуға жақын қалды.

   Жуырда аудан әкімі Алдияр Халелов Березов ауылына барып, тұрғындармен кездесіп, оларды толғандырған сұрақтарына жауап берді. Ауыл тұрғындарының дені Ақсай қаласына көшу мәселесі туралы сұрақтар қойса, енді бірін Аралталда салынып жатқан мектеп құрылысы мен Қарашығанақ-1  шағын ауданында бой көтерген балабақша  толғандырды.

     Аталған жиында тапсырыс беруші ҚПО компаниясының өкілдері мен арнайы құрылған комиссия мүшелері де болды. Көпшілікті толғандырған көшу мәселесіне аудан әкімі Алдияр Халелов Аралталда бой көтеріп жатқан мектеп құрылысы аяқталғаннан кейін ғана  Березов тұрғындарының барлығы бірдей қоныс аударатынын мәлімдеді. Жиыннан соң өңір басшысы мен комиссия мүшелері тұрғындарды жекелей қабылдап, сұрақтарына жауап берді.

  Айым НҰРҒАЛИЕВА

                        Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале