20.06.2019, 15:01
Оқылды: 171

Көп балалы анамен кездесті

Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылының тұрғыны, алты баланың анасы Нұрлы Құбайқызы Мергенова  «Күміс алқаға» ие болды.

күміс алқа

ҚР Президентінің 2019 жылғы 27 мамырдағы №51 Жарлығы бойынша бекітілген алқаны табыстау үшін аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин көп баланы ананымен кездесіп, құттықтады.

Аудан басшысы перзент сүйіп, бүгінде олардың қызығына кенеліп отырған жанға шын ниетпен зор денсаулық, бақыт тіледі.

- Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ананың рөлі ерекше. Баласын білімді азамат ретінде тәрбиелеген жан – барлық мақтауға лайық. Отбасыларыңызға амандық тілеймін! Перзенттеріңіз әрдайым сенімдеріңізді ақтап, қуанта берсін!-деді аудан әкімі.

Бұл ауданға биыл беріліп отырған жаңа Президенттің алғашқы наградасы.

Нұрлы Құбайқызы кездесу барысында қунышымен бөлісті.

- Әйел үшін басты бақыт — ана атану, бала тәрбиелеу. Біздің ең басты байлығымыз балаларымыз. Отағасы екеуміздің ендігі мақсатымыз балапандарымызға жақсы тәрбие мен білім беру. Аналарға көрсетіп отырған құрмет үшін Президентімізге, аудан әкімдігіне алғысымды білдіремін,-деді «Күміс алқа» иегері.

Айару Бақытова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале