4.05.2017, 19:47
Оқылды: 34

Көпшілік орынды ластаған 15 тұрғынға ескерту берілді

Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық округ бойынша күл-қоқыс төгетін арнайы полигон бар. Бірақ осыған қарамастан, жеке сектор тұрғындары мен кейбір кәсіпкерлер тұрмыстық қалдықтарды көрінген жерге тастауды әдетке айналдырған.


Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы Абумұхаммед Естілеуовтің  айтуы бойынша, «Көпшілік орындарды ластау» бабымен 4 ай ішінде тіркелеген 15 тұрғынға ескерту берілсе, 11 тұрғынның материалы сотқа жолданды.

- Қоқыс төгетін арнайы полигон – талай жылдан бері келе жатқан полигон. Тазалау өте қиынға соғады. Күзде жақсылап тазалап қоямыз, артынан бәрібір шашылады. Тіпті бізге қоқыс шығаруға бөлінген арнайы көлік те жоқ. Ақсайдан «КМС», Дияр» деген компаниялар келіп көмектеседі. 9 камаз қоқыс шығарттық. Күндіз-түні полигонды бақылап жүреміз, -дейді округ әкімі Талғат Қазжанов.

        Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале