14.03.2017, 18:28
Оқылды: 55

Көрісу күні құтты болғай

IMG_4794Үлкені мен кішісі, қариялар мен ақ жаулықты әжелер көрісу күні мәдени-демалыс орталығы, аудандық орталықтандырылған кітапхана және «Ақ ниет» әжелер тобы ұйымдастырған «Бабадан қалған бар байлық» атты шараға жиналды.


      -Бүгін батыс өңірінде ежелден тойланып келе жатырған дәстүрлі көрісу күні. Атадан қалған игі дәстүрді ұмытпай, жаңғыртып келеміз. Киіз үйде тұрып, көшпелі ғұмыр кешкен халықпыз. Міне, қыстан мал-жан аман-есен шықты. Ел туған-туысына, жақын-жуығына барып салуық сұрап, көрісуде. Жас берекелі болып, жылдан-жылға аман жетейік, - деді өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов.IMG_4817

Жиылған елге ақ дәммен, ұлттық тағамдар ұсынылып, «Ақниет» әжелер тобы ән шырқап, «Шежіре» халықтық фольклорлық ансамблі күй төкті.

     IMG_4833    Бұдан басқа шара барысында оқушыларға дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты сауалдар қойылды. Мәселен, ақ құю, ілу, енші, араша, түйемұрындық, байғазы, жарыс қазан, ерулік, жиенқұйрық секілді ұлттық құндылықтарымыз жайында біраз мәлімет айтылды.

Шара Жеңіс Қасымовтың «Елге, сәлем!» әнін орындауымен аяқталды.

               

                Динара Насыр

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале