24.01.2018, 17:18
Оқылды: 68

Қорықшылар орман аңдарының қорегін бақылауда

Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі Степной орманшылығының жұмысшы қызметкерлері өз орамдарына кезекті шолу жүргізді.

Алаңдарға жем, шөп, тұз салынды. Орманда мекендейтін жануарлардың қоректенуі бүгінде қалыпты екені байқалды. Қорықшылардың мұндай биотехникалық іс-шаралар өткізіп тұруына мемлекеттік мекеме бойынша биыл облыс бюджетінен 144,2 мың теңге қаражат бөлінген.

– Біздің орманшылықтың ұжымы су қоймаларында балықтардың мұздан тұншығуына қарсы ойықтар жасақтауларды бастады,-дейді Степной орманшылығының орманшысы Серік Жұмағалиев.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале