1.07.2020, 18:30
Оқылды: 120

Қос ана «Күміс алқамен» марапатталды

Халқымыз қашанда отбасылық құндылықтарды жоғары қоятыны белгілі. Әсіресе ұрпақ өсіріп, оны тәрбиелеуде алтын құрсақты аналардың алар орны айрықша. Халқымыз ондай жандарды қашанда қадір тұтады, құрметтейді. Сондай құрмет таяуда переметныйлық қос анаға бұйырды. Бұл жолғы марапат ел Президентінен келді.

950DB1FB-EE48-416F-8809-CC6C6511B1C9

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Бәйтерек ауданы Переметный ауылында тұратын Айгүл Есқалиева мен Зина Иманқұлова "Күміс алқамен" марапатталды. Қос ананың бірі "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Үлкен Шаған және бірі Дариян ауылдарынан қоныс аударған. Марапат иелеріне «Күміс алқаны» ауылдық округінің әкімі Бекзат Бадақов салтанатты түрде табыстады.

A52F0ECF-BA41-4FFC-B3C0-AC318502825B

Аудандық әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі бөлімнің мәліметінше, ауданымызда 119 «Алтын алқа» және 303 «Күміс алқа» иелері бар.

 Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале