15.05.2017, 15:41
Оқылды: 41

Қос аудан Оралда жәрмеңке өткізді

Shingirlau jarmenke   Орал қаласында аудандардың ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу игі дәстүрге айналды. Апта сайын өтетін сауда-саттық жәрмеңкесінде ауыл-аймақтардан әкелінетін экологиялық таза өнімдер қала жұртшылығының сұранысына ие болып келеді.


    Ауыл шаруашылығы жәреңкесіне Шыңғырлау ауданы да қатысты. Бұл күні ұйымдастырылған шараға Жәнібек ауданы да өз өнімдерін ала келіпті. Аудан кәсіпкерлері, шаруа қожалықтары, жеке аула тұрғындары жәрмеңкеге өнімдерін әкеліп, сауда-саттыққа шығарды. Бұл күні ірі қара еті – 1200 теңгеден, қой – 1100, ал жылқы еті – 1300 теңгеден әп-сәтте сатылып, қала халқы мәре-сәре болысты. Ақсоғым, Қарағаш ауылдарынан келген тұрғындар сүт, қаймақ, ірімшік, май, құрттарын саудалап, таза өнімдерімен көпшіліктің назарын өздеріне аударды. Сонымен қатар, Шыңғырлау ауданына белгілі кәсіпкер Әсел Сұлтанғалиева өзінің тігін шеберханасынан шыққан көздің жауын алатын, ұлттық нақышта безендірілген көрпе-көпшік, қолөнер бұйымдарымен қалалықтардың көңілінен шықты. Осы күні аудан спортшылары өздерінің дайындықтарын гір көтеру, қол күресі сынды спорт түрлерінен көрсете білді.

Гүлшат Ибрагимқызы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале